Желіде ЖКД рәсімдеу

ЖШС «ЕМЕХ» компаниясының кедендік өкілімен кедендік қызмет көрсету мақсатында келісімшартқа отыру, брокерлік қызмет көрсету ақысы 3000 (Үш мың) тенгені құрайды.

ЖШС «ЕМЕХ» компаниясының кедендік өкілі, клиенттің тапсырмасы бойынша, кедендік рәсімдеуге қатысты барлық құжаттарды өткізеді. Кеденнен босап шыққан жөнелтілім жүк қабыл алушыға жеткізіледі.

ЖШС «ЕМЕХ» компаниясымен келісімшартқа отыру үшін келесі құжаттар тізімі қажет:

  1. Брокерлік қызмет көрсетуге арналған келісімшартты жүктеу, толтыру және қол қою;
  2. Жеке бас куәлігінің көшірмесін беру;
  3. Жүк қабыл алушының кепідемесін;
  4. 3000 тенге көлемінде брокерлік қызмет ақысын төлеу;
  5. Тауар құнын растайтын құжат (банк картасынан көшірме, принт скрин төлем жасалған беттен)

Жоғарыда көрсетілген тізімнің  бір тармағы орындалмаса, кедендік рәсімдеу қызметы көрсетілмейді.

Кедендік  рәсімдеуді ЖШС «ЕМЕХ» компаниясы арқылы жүзеге асыруды, дәл осы сайтта, банк картасы (VISA, MASTERCARD)  арқылы төлем жүргізіп,  келісімшарттың электрондық көшірмесін  жүктеп және жеке бас куәлігінің көшірмесін  арнайы бетте жүктеу  арқылы іске асыра аласыз.

Назар аударыңыздар, аталған құжаттарды жүктеу(келісімшарт, жеке бас куәлігінің көшірмесі) төлем жүргізілгеннен кейін ғана мүмкін болады.

Сонымен қатар, келісімшарттың электрондық копиясы мен жеке бас куәлігінің көшірмесін  біздің поштамызға t6.kz@emexnet.com жібере аласыз, хаттың тақырыбына   авиажүк құжатының 12 сандық нөмірін жазып жіберу қажет. Құжаттардың электрондық көшірмесінің  нұсқасы мына көрсетілген форматта jpg, bmp, png или pdf қабылданады.

Қол койылған келісімшарт пен жеке бас куәлігінің көшірмесін бізге бере отырып, сіз біздің кедендік өкілге, сіздің дербес деректеріңізді кедендік рәсімдеу мақсатында қолдануға құқық бересіз.

Кедендік декларациялау қызметіне мыналар жатады: жолаушылар декларациясы Т6 формасын толтыру, құжаттар пакетін дайындау, оларды кедендік бөлімшеге тапсыру және декларациялау, жүкті кедендік тексеру қажет болған жағдайда  кеденшіге көрсету.

Кедендік  жолаушылар декларациясын рәсімдеу  бір күннен үш күнге дейін созылуы мүмкін.

Клиент  тендей дәрежеде басқа кедендік өкілмен келісімшарт жасап, кедендік рәсімдеу жасай алады.

Назар аудырыңыздар, жөнелтілімдер мне хаттардың сақтау мерзімі, олардың келгені жайлы хабарлама алған күннен бастап  7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.

Осы 7 күнтізбелік күн ішінде, жөнелтімді алушы, арнайы жолаушылар декларациясы Т6 формасын тапсырмаса, ЖШС «ЕМЕХ» компаниясы,  оны сұранысқа ие емес жонелтім деп қарастырып,  қайтаруға құқылы.

Егер сізде, кедендік жолаушылар декларациясы Т6 формасын ресімдеуде қиындықтар туындаса, клиенттерге қызмет көрсету бөлімшесіне хабарласып, сақтау мерзімін ұзартыңыз.