Қазақстан бойынша жеткізу

ЖШС «ЕМЕХ» компаниясы хаттар мен жүктерді Қазақстанның барлық елді мекендеріне тасымалдайды, оның ішінде облыстық, аудандық және шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда.

Орауыш материалдар: конверттер, пакеттер тегін  беріледі

Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) тарифтерге  қосылған.

Қазақстан аумағында жүк тасымалдау авиа, авто және темір жол арқылы жүзеге асады.

Біз жүкті тасымалдаудың Экспресс және Эконом түрлерін ұсынамыз.

Қазақстанның облыстық орталыктарына Экспресс жеткізу  уақыты 1 жұмыс күнінен 4 жұмыс күніне шейін;

Қазақстанның аудандық орталықтарына Экспресс жеткізу  уақыты 3 жұмыс  күнінен 7 жұмыс күніге шейін;

Қазақстанның облыстық орталыктарына Эконом жеткізу  уақыты 3 жұмыс күнінен 7  жұмыс күніне шейін;

ЖШС «ЕМЕХ» компаниясының   Қазақстанда  21 аймақтық желісі бар.

Сондықтан барлық  тасымалдау мен жеткізуге қатысты сұрақтарыңызды жедел шешіп береді.

Қазақстан аумағында жүктерді тасымалдау мен жеткізу  құнын білгіңіз келсе,  PDF файлды жүктеңіз, немесе Сату бөлімімен хабарласыңыз.

Кұрметті клиенттер!  ЖШС «ЕМЕХ»  компаниясы сіздерге жаңа қосымша қызметтер пакетін қуана ұсынады!

Біздің компания «есіктен есікке жеткізу»  принціпімен жұмыс істейтіні белгілі, алайда біздің клиенттеріміз үшін біз одан да жоғары қызмет көрсетуге дайынбыз.  Егер сіз құпия ақпарат жібергіңіз келсе, не болмаса жөнелтілімнің  қабыл алушының жеке өзіне тапсырылғанын қаласаңыз «жүк қабыл алушының жеке қолына тапсыру» қосымша қызметін қолданыңыз.

Жүкқұжатқа жүк қабыл алушының мекен-жайынан басқа,  ұялы байланыс телефонын жазсаңыз болды, жөнелтілімнің қабыл алушының қолына тапсырылатына күмәніңіз болмасын *!

Аталған қосымша қызмет ақысы 500 теңгені құрайды, яғни жөнелтілу  ақысына қосымша 500 теңге төленеді.

Қосымша қызметтің бұл түрі тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана жарамды.

Біздің компанияның желісі арқылы тасымалданатын жүктердің бүтін жеткізілетіні еш күмән тудырмайды. Алайда жоғары құнды, әрі маңызды құжаттарды жөнелткенде, мысалы: паспорт, туу туралы куәлік, біз «Тасымалдаушының кеңейтілген жауакершілігі»  атты қосымша қызмет түрін қолдануды ұсынамыз. Өйткені кей кездерде форс-мажорлық жағдайлардан қорғану қиындық тудырады.

Варшава конвенциясына сүйене отырып ЖШС «ЕМЕХ» тасымалдаушы  ретінде  өзіне барлық жауапкершілікті алады.  Жөнелтілім жоғалған жағдайда, жойылған немесе қайта қолдануға келмейтіндей бүлінген жағдайда, «Тасымалдаушының кеңейтілген жауакершілігі»   қызметінде көрсетілген соманы қайтарады**.

Аталған қызметтің ақысы, егер жөнелтілім құны 150 000 теңге болса, 1500 теңгені құрайды, немесе бағаланған құны  150 000-нан асатын жөнелтілім құнының  1% -ын құрайды.

*Қабыл алушының жеке қолына тапсырыла алмаған жөнелтілім ЕМЕХ кеңсесіне қайтарылып, жіберушімен кеңесе отырып шешіледі.

** Жөнелтілім жоғалған жағдайда, жойылған немесе қайта қолдануға келмейтіндей бүлінген жағдайда, ЖШС «ЕМЕХ»  компаниясы жіберушімен хабарласып, болған жайтты хабарлайды, және жіберушінің ресми арызын, сонымен қатар жүктің бағаланған құнын растайтын құжатын күтеді.