IHerb ЖКД рәсімдеу

iHerb интернет-дүкенінің өнімдері Кедендік Экономикалық Одақ аумағына кедендік салықтарды төлемей әкелінетін және міндетті түрде кедендік рәсімдеуге жататын, жеке пайдалануға арналған импорттық тауарлар болып табылады. Қолданыстағы кедендік заңнамаға сәйкес мұндай тауарларды алушылар Қазақстан Республикасының кеден органдарында декларациялауға міндетті.

Егер сіз EMEX жеткізілімін бірінші рет пайдаланған iHerb тұтынушысы болсаңыз және бізден SMS немесе электрондық пошта арқылы кедендік рәсімдеу қажеттілігі туралы хабарламаны алсаңыз – уайымдамаңыз! Кедендік рәсімдеу – бұл iHerb  интернет – дүкенінің тұтынушылары үшін орындалатын стандартты мемлекеттік іс – шаралар. Ол үшін хабарламадағы сілтеме бойынша өтіп, ретімен көрсетілген шарттарды орындасаңыз болғаны:

  • ТОО «ЕМЕХ» кедендік рәсімдеу бойынша қызмет көрсету туралы келісім  – шартына қол қою;
  • Жеке куәлігіңіздің (немесе төлқұжатыңыздың сәйкес беттерін, егер жеке куәлігіңіз болмаған жағдайда) екі жағының көшірмесін (жақсы сападағы суретін) жүктеңіз;
  • Жеке пайдалануға әкелінетін тауарларды қолдану мақсаты туралы міндеттемені толтыру.

Келісімшарт және міндеті (танысу үшін).

Алушының қолы қойылған келісім – шарт пен жеке куәлігіңіздің көшірмесін бізге беру арқылы,  сіз біздің кеден өкіліне кедендік рәсімдеу қызметін орындау, кеден органдарында мүдделеріңізді білдіру үшін жеке деректеріңізді пайдалану құқығын бересіз. Егер Сіз iHerb тауарларына айына бір реттен артық тапсырыс берсеңіз, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы ҚР Кодексінің 344 бабына сәйкес, кедендік рәсімдеуді тез өту үшін, сізге тауардың құнын растайтын құжатты (төлем тапсырмасы, банктік түбіртек, чек немесе интернет – банкингтен көшірме) ұсынуға кеңес береміз.

Біз iHerb клиенттеріне интернет –дүкеннен алған тапсырыстардың жеткізілуі және олардың кедендік рәсімделуі (ЖКД) туралы кеңес беретін жеке мобильді телефон желісін қостық.

Телефон желісінің жұмыс уақыты – дс – жм сағат 08:00 ден 19:00 – ге дейін.

+7 700 836 07 05 (Tele2)
+7 778 017 38 20 (Kcell)

Назар аударыңыз! Бұл телефон нөмірлеріне қоңырау шалғаныңыз үшін, сіздің ұялы байланыс операторының тарифтік жоспарына сәйкес төлемақы алынуы мүмкін.