Құрметті клиенттер!
Сіздерге құрметімізді білдіре отырып, ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс айтамыз!
Осы хабарлама арқылы «ЕМЕХ» ЖШС төмендегіні мәлімдейді:
Ұшу қауіпсіздігін, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Air Astana және SCAT әуе компаниялары 2026 жылғы 13 наурыздан бастап (ерекше нұсқауға дейін) Атырау әуежайынан жүк қабылдаудан бас тартуға мәжбүр.
Осыған байланысты Атырау қаласынан тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылмайтынын хабарлаймыз. Атырау қаласынан жөнелтілімдер алдымен Ақтөбе қаласына жерүсті көлігімен жеткізіліп, одан әрі әуе көлігімен жөнелтілетін болады.
Логистикалық схеманың өзгеруіне байланысты Атырау қаласынан «Экспресс» жеткізілімдерінің бақылау мерзімі 1–2 жұмыс күніне ұзартылады.
Құрметпен,
«ЕМЕХ» ЖШС