Қарағанды және Теміртау қалаларына жөнелтілімдерді қабылдау және жеткізу мерзімдері уақытша ұзаруы мүмкін

Құрметті клиенттер!

Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Қарағанды және Теміртау қалаларында жөнелтілімдерді қабылдау және жеткізу кезінде кідірістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.

Туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Құрметпен,
«ЕМЕХ» ЖШС